Выбери свой уровень

Войти

Новичок
Қазақша мақалалар

Рамазан айында қалай жаттығуға болады

Зерттеу барысында әзірленген спорт дәрігерінің ұсыныстары

Anastasia Semikina, Zhuldyz Koishkenova

3200 просмотров

читается за 2 минуты

Рамазан айында қалай жаттығуға болады

Ораза кезінде жаттығулардан бас тарту физикалық формаңыздың 2-3 айға шегінуіне алып келеді. Бұл жайында бізге спорт дәрігері, биохакер, фитнес-жаттықтырушы Мейрам Кошенов айтып берді. Ол 2013 жылдан бері дене мен ағза талдамасы көрсеткіштерін зерттеп, 70 000 аса кеңес өткізіп, осындай қорытындыға келді. Мейрам өзінің зерттеулерінің негізінде жаттығуларды ораза уақытына икемдеуге көмектесетін ұсыныстарымен бөлісті.  

 

 

Ораза кезінде физикалық форманы сақтауға бағытталған  5 қадам 

 

1 қадам — жаттығулар жоспарын қайта қарастырыңыз 

 

Ораза кезінде кардио жүктемені азайту керек. Жаттығуларыңыздың 80%-ын кішкене салмақты пайдалана отырып, көп буынды күш жаттығуларына арнау керек. Қалған 20%-ын денеңіздің дұрыс созылуы мен ширатылуына  бағыттауға болады. 

 

“Ораза кезінде ыстық ауа райында жаттығудан бас тартып, жалпы кардио жүктемені азайтуға кеңес беремін. Кардио жаттығуларының көптігінен, оған қоса  суды аз ішіп, терлейтініңізді ескерсек, қаныңыз ұйытылып, инфаркт пен инсультқа шалдығу қаупі артады. Бұндай жағдайдан сақ болу керек. Егер марафон немесе жартылай марафон сияқты спорттық іс-шараларға қатысқыңыз келсе, оразаның аяқталуын күтуге кеңес беремін, содан кейін ғана өзіңізді сынай аласыз” - деп ескертеді сарапшы.  

 

 

2 қадам — ыңғайлы уақытты анықтаңыз

 

Тәжірибиелі атлеттерге күннің бірінші жартысында жаттыққан оңтайлы. Егер сіз  жаңадан бастап жатқан спортшы болсаңыз, ауызашардың алдыңда жаттыққаныңыз дұрыс болады. Белсенділігіңіздің қарқындылығын дағдылы күндерге қарағанда азайту керек. 

 

“Өзіңізді тыңдай отырып, жаттығуларды  ыңғайлы қарқынмен жасауға кеңес беремін. Сәл әлсізденіп қалсаңыз, демалыңыз немесе жаттығу жасауды аяқтаңыз. Ораза кезінде спортпен шұғылданудың басты мақсаты — шамадан тыс нәтижеге қолжеткізу емес, дене бітіміңіздің қалпын сақтау. Сол себепті жаттығулардың жеңілдетілген түрін пайдаланған жөн” — дейді Мейрам. 

 

 

3 қадам — тамақтану әдетін жаттығуларға ыңғайлап қайта құрыңыз

 

Тамақтануды бастау — маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ауызашар кезінде бір тәтті құрманы жеуге болады немесе бұл кезеңнен бас тартсаңыз болады. Кейін көкөністерден жасалған салатпен тамақтанып, басты тағамға көшуге болады. Ұн өнімдері, тәтті мен майлы тағамдардан бас тартқан жөн. Оның орнына құс, балық, жылқы еттерін жеген абзал. Ораза кезінде қой етінен бас тартқан дұрыс.  

 

“Ауызыңызды сумен ашып, салаттан бастап тамақтансаңыз болады. Құрма жеуге кеңес бермеймін, себебі олар бұрында жабайы болатын, ал қазір құрмалар өңделіп, қанты көп болып келеді” - деп түсіндіреді сарапшы.  

 

 

4 қадам — су балансын сақтаңыз

 

Шәй, кофе немесе тәтті сусындарды суға алмастырыңыз. Электролит алмасуын жақсарту үшін суды сәл тұздатуға болады. Ауызыңызды ашқаннан кейін бірден су ішуге тырысыңыз. Суды ағзаңызға ыңғайлы болатын максималды мөлшерде ішу керек.

 

Биохакер Мейрам Кошенов ішетін судың мөлшерін бақылауға кеңес береді: “Орта есеппен алғанда, салмағы 70-80 кг болатын ер адамға 2-2, 5 литр су ішу керек. Қыздарға бір литрге аз су ішуге болады. Суды ауыз ашқаннан кейін бірден  ішіп, ал ұйқыға кетер алдында су ішуді 2 сағат бұрын азайту керек, осылайша дене іскендігін алдын алуға болады” 

 

 

5 қадам — ұйқыны қандырыңыз

 

Ораза кезінде тамақтану мен су ішудің тәртібі өзгереді, ал ағзаңыз стресске ұшырайды. Сол себепті дұрыс демалып, ағзаңызды қалпына келтіру маңызды орын алады. Демалу үшін барынша ыңғайлы жағдай жасау керек.

 

Ұйқыға кететін аз уақытты тиімді пайдалану үшін спорт дәрігері Мейрам Кошенов ұйқыға кетер алдында 2 сағат бұрын глицинат магния немесе оған балама дәрінің 800 мг ішуге кеңес береді.

 

Редакцияның атынан кез келген дәріні дәрігердің кеңесі бойынша қабылдауды ұсынамыз.

Как вы оцениваете статью?

Бесполезная
Полезная

Также читайте

ss
Қазақша мақалалар
Новичок
Наурызда не істеуге болады

Комментарий

Редакция на связи

Не пропустите самое интересное!

Подпишитесь на оповещения о важных публикациях блога

Сделайте свою жизнь приятнее и проще

ЗАГРУЗИТЕ ПРИЛОЖЕНИЕ: с ним легко найти залы для тренировок